САПАЛЫ ЖОЛ: РЕЙДТІК ШАРАДА ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Шымкентте «Сапалы жол» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізілуде.

Кезекті рейдтік шара мегаполистегі Самал з шағын ауданы, Үрпеков көшесі бойында жүргізілді.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қалалық филиалының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған көшеде орташа жөндеу нысанында жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жұмыстары 21 қазанда өткізіліп, нәтижесінде барлық қажетті өндірістік журналдар, кіріс материалдарына сертификаттар ұсынылмағандығы, жол жабындысындағы түйіспелер тегіс еместігі, асфальтбетон жабындысы қабыршықтанып үгітілгендігі және қисық төселгендігі және т.б. кемшіліктер анықталған болатын.

Кезекті бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, арнайы аппаратпен оның құрамы мен стандарты сараланып, жолдың ені де назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жоба аясында 22 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, 93 бұзушылықтар анықталған, оның 88-і қалпына келтірілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444