Ұлтым өзбек болса да, домбыраға қызығып, өнер жолын таңдадым

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және «Қазақтану» жобасы аясында өткізілген «Ұлт үні» байқауының үміткері, домбырашы, өзбек диаспорасының өкілі Омаров Умид:

— Ұлтым өзбек болса да, домбыраға қызығып  2001 жылы бұрынғы Қазақ-Араб университінде, қазіргі Отырар университетінің музыка кафедрасына түскенмін. Профессор Убайдулла Өтегеновтің қолынан білім алып шықтым. 2010 жылы Сайрамдағы №2 балалар саз мектебіне домбырашы болып жұмысқа тұрдым. Өзбек ұлты шоғарланған ортада бірінші рет сол жерде домбыра класын аштым. 2014 жылы Шымкенттегі Саз колледжіне қайта оқуға түстім, білімімді жетілдіру мақсатында арнайы домбыра аспабын бітіріп шықтым. Қазір №4 балалар саз мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымын, әрі домбырадан сабақ беремін. Он жылдан бері еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келемін, соның нәтижесінде халықаралық, республикалық конкурстарда бас жүлде иеленіп келіп жатқан балаларымыз бар.

Мәселен, Дайрашев Мухаммад 2018 жылы республикалық «Жас қанат» байқауында домбыра номинациясы бойынша гран при жеңіп алды. Жүнісәлі Асхат атты оқушым биыл Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн-байқауда бірінші орын алды. Өзімнің балам 6 сынып оқушысы Рақымшиев Омар халықаралық байқаудан бірінші орын алды

Осындай жетістерге ұмтылдырған Қазақ еліне рахмет айтамын, қазақ тілін еркін меңгердік, мемлекекттік тілге, қазақ өнері мен мәдениетіне қатысты барлық мәдени іс-шаралар қатысып келеміз. Барлығы осы татулықтың арқасында болып жатыр. Ассамблеяның 20 жылдығында Астана қаласында өнер көрсетіп, Бекболат Тілеуханнның қолынан Алғыс хат алғанмын. Өзімнің үш балам бар, біреуі өнерде жүр. Өзімнің әкем дәрігер, анам мұғалім. Алған тәрбие мен біліміміздің арқасында, ел тыныш, бейбіт заманда өмір сүріп, елімізді дамытуға үлес қосып келеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444