Студенттерге дәріс оқыды

Жуырда Түркістан облысындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен И.Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті арасындағы келсішартқа сәйкес университетімізге аталған ЖОО – на қарасты «Фан ва тараққиёт» МУК танымал ғалым, х.ғ.д., профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі  Х.Т. Шарипов химия, биология және физика мамандығының  студенттері мен магистранттарына кесте бойынша лекциялар оқыды. Бүгінде Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне қарасты «Фан ва тараққиёт» МУК – нің ҒЗЖ жөніндегі директорының орынбасары қызметін атақаратын Хасан Турапович Шарипов – химия ғылымы мен өндірісі саласында айтулы жетістіктерге жеткен үлкен ғұлама, сондай-ақ ол ұзақ жылдар осы саладағы мемлекеттік комитетті басқарған қоғам қайраткері.  Атақты ташкенттік ғалым Хасан Шарипов осы уақыт аралығында оқу орнындағы   бірқатар іс – шараларға қатысты: Университет ғылыми семинарында «Утилизация отходов ТЭС с излечением микро и макроэлементов» тақырыбында университет профессор-оқытушылары құрамына ғылыми баяндама жасады. Студенттерге инновациялық жобалар жайлы қызықты деректерімен де бөлісе кетті. Алдағы уақытта инновациялық жаңалықтарды өндіріске ендіру тәсілдері туралы да әңгімеледі. Сонымен қатар, күндізгі бөлімнің бітіруші түлектерінің диплом беру рәсіміне қатысып, құтықтау сөз сөйледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444