Этномәдени бірлестіктер өкілдері тазалық жұмыстарына белсене қатысты

17 қазанда «EcoSana» қозғалысының бастамасымен Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысып, Жаңаталап шағынауданындағы Бадам өзені жағалауын тазарту жұмыстарына үлес қосты. Биылғы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында қаламызда атқарылып жатқан көптеген іс-шараларға ҚХА мүшелері белсене қатысуда. Қоғамдық келісім мен татулықты ту еткен мүшелер қай салада болмасын белсенді. Карантинге байланысты көптеген шаралар онлайн өткізілуде. Соның өзі тыңғылықты дайындықты талап етеді. Бұл жағынан алғанда да ҚХА мүшелерінің атқарған игі істері көп.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444