Мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты

Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы М.Әйтенов Оңтүстік Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын талқылады.

Сондай-ақ, әкім кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.

Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез — келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту деді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты. Оның үстіне биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкенттегі кәріс ұлтының өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрлерін дәріптейтін бірнеше шара өткізгені де айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444