Сапасы жоғары, сұраныс та мол

Бүгінде құрылыс заттарының сан алуан түрі бар. Өңірімізге әкелінетін өажетті заттардың ішінде керамограниттерге деген сұраныс та басым болатын. Бұрындары оны шеттен тасымалдасақ енді өзімізде өндіріле бастады. Түркістан облысында керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорнының өніміне сұраныс басым. Мекемеде 140 жұмысшы еңбектенеді. Олардың барлығы да автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді. Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ.  Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға сайөнім өндіреді. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген кәсіпорындардың бірі. Күннен күнге сұраныс артып келеді. Өнім өндіруді молайтқан кәсіпорын сапасын да естен шығарған емес. Бұрын шетелден тасымалданатын керамогранит өнімдерін сатып алатындар көп болса бүгінде сапасы да жоғары, бағасы да қалтаға қонымды өнімге сұраныс артқан. Елімізде, облыс орталығында өтіп жатқан түрлі көрмелерде аталмыш өндіріс орыны үнемі қатысады. Соның арқасында әр тараптан келгендер сұраныс қатарын арттырып отыр. Одан бөлек кәсіпорынның өнімінің сату көлемін арттыру үшін дилерлер де өкірте үлес қосуда. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін көбейтуді көздеп отыр. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444