Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы оқушыларға планшет тарту етті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының өкілдігі көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасының балаларына қол ұшын созды. Оқушылар биыл қашықтан оқу процесінде болғандықтан онлайн оқу құралы планшеттер тарту етті. Осы акция барысында Шымкент қалалық білім басқармасы және Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы қаладағы төрт аудан бойынша аз қамтылған қырық екі мыңнан астам отбасыға жалпы құны 19 040 000 теңге қаржылай көмек көрсетті.