ШЫМКЕНТТЕ КОРОНОВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілік — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады екен.
Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол көрсеткіш 1 пайыздан төмен болса, вирус жұқтыру төмен деңгейде деген сөз.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тікелей басшылығымен коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелерінің қатарында – денсаулық сақтау, полиция және қалалық басқарма өкілдері бар.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444