Абай болып толғанған Мирон

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және «Қазақтану» жобасы аясында өткізілген «Ұлт үні» керуен байқауының іріктеу турына алты жасар Мирон Пономарев та қатысты. Мирон қазір Шымкент қаласындағы №53 «Ерасыл» балабақшасына барып жүр.

Бұл жолы аталмыш байқауға балабақшаның музыка жетекшісі, ұстазы Улана Турдалиевамен бірге келіп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Сегізаяқ» әнін орындап, көрермен сүйіспеншілігіне бөленді.

«Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп Абай атасының ізіне салып толғаған бүлдіршін Мирон болашақта да өнер иесі – әнші болатынын көрсетті. Бұл күнде балабақшаның қазақ тілді мектепалды даярлық тобына баратын Мироннан үлкен үміт күтуге болады.

Балабақшаның музыка пәні жетекшісі Улана Турдалиеваның айтуынша ұжымда иран, әзербайжан, орыс, татар, өзбек т.б этнос өкілдерінен құралған балалар білім алып жүр. Балалар шетінен өнерге, әсіресе, ән мен биге бейім, білімге талпынғыш, алғыр. Улана әр баланы қабілетіне қарай әнге, биге тартудан жалыққан емес. Әрқашан балабақшаның музыка залын көңілді ертеңгілік сабақтармен өткізіп келеді. Ол сондай-ақ үлгілі ұстаздардың бірі. Осындай ізденімпаз еңбектің арқасында Миронды сахнаға алып шықты.

Әсел Ұлықпекқызы Қалыбекова басқаратын №53 «Ерасыл» балабақшасының ұжымы өнегелі, шығармашыл ұжым деп айтсақ қателеспейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444