Мақсатым — қазақтың қара қобызын әлемге таныту

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласында өткен «Ұлт үні» байқауына қатысқан үміткер түрік қызы Тұрсынова Гүлханым ерекше өнерімен танылды. Ол қазақтың халық аспабы қобызбен композитор Р.Таймановтың әні «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындап, көрерменді тәнті етті.

— Мақсатым — қазақтың қара қобызын әлемге таныту, — дейді Гүлханым. — Музыка мектебіне, алғашқыда домбыра үйрен деп анам жіберген болатын. Бірнеше ай домбыраға қатысып жүріп, бір күні қобыз үнін естіп, қатты ұнағандықтан қобыз үйренемін деп шештім. Анашым қарсы келмей екі аспапты да үйрене бер деп жіберді. Алғашқы рет қобызды маған көрсетіп, үйреткен ұстазым Тастанбекова Зубайра апайым. Мектеп қабырғасында аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болдым.

9 сыныптан кейін Саз колледжіне гранқа түсіп 4 жыл бойы осы жерде оқып, қызыл дипломмен бітірдім. Қазіргі таңда, М.Әуезов атындағы №96 мектепте музыка пәнінен мұғалім болып жұмыс істеймін. Әр түрлі шығармаларды, оның ішінде қазақ композиторларының шығармаларын қобызға лайықтап өңдеп, қобызда орындап шыққан маған өте ұнайды.

Себебі мен — Қазақстан азаматы болғандықтан, қазақтың қобыз үнін бүкіл әлемге танытқым келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444