Шымкент қаласында қылмыс жиі орын алатын кафелердің аты аталды

Шымкент полициясы өткен жылы түнгі клуб, кафе-барларда орын алған қылмыстар санын тізе келе, көбінде қалада қандай кафе-бар, клубтарда жайсыздық туындайтынын анықтады. Мәселен, 2018 жылы Шымкент  қаласы аумағында орналасқан көңіл көтеретін  орындарда (түнгі клуб, кафе, бар) 407 қылмыс тіркелген. Оның ішінде Абай ауданында 128, Әл-Фараби бойынша 153, Еңбекші ауданында 100 және Қаратауда 26 қылмыс орын алған. Аяқ астынан шығатын жанжалдардың соңы адамның өз өміріне қауіп төнуіне, тіпті ажал құшуына алып келуі мүмкін. Төбелес, айқай мен ырду-дырду орын алатын мұндай демалыс нысандарының көпшілігі мамандандырылған күзет жалдамайды. Бұл түнгі бейберекеттілікке жол беруге жалғасып жатады. Сондықтан, қала тұрғындары қандай да бір себептермен түнгі қылмысқа қатысты болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек. Сондай-ақ, түнгі демалыс  орындарында жиі құқық бұзатын нысандарды да қаперге түйіп, біліп жүргені абзал.

Абай ауданы бойынша қылмыстардың басым көпшілігі болатын орындар:

  • «Астана» кафесі;
  • «Метро» түнгі клубы;
  • «Viva» кафесі;
  • «Шұғыла» кафесі;
  • «Динара» түнгі клубы.

Әл-Фараби ауданы бойынша қылмыстардың басым көпшілігі болатын орындар:

  • «Напалеон» кафесі;
  • «Теріскей» кафесі қылмыс;
  • «Москва-80»;
  • «Достар» кафесі;
  • «Сити» кафесі;
  • «Пивная дума» кафесі;
  • «Шаңырақ» кафесі.

Еңбекші ауданы бойынша қылмыстардың басым көпшілігі болатын орындар:

  • «Ақсұңқар» кафесі;
  • «Шаңырақ» кафесі;
  • «София» кафесі;
  • «Сака Гранд» кафесі;
  • «Риза» кафесі;
  • «Пандора» кафесі;
  • «Элдора» кафесі;
  • «Любава» кафесі.

Қаратау ауданы бойынша қылмыстардың басым көпшілігі болатын орындар:

  • Ергаш ата кафесі;
  • Малика кафесі;
  • Жастар кафесі.

Ал, 2019 жылдың басынан Шымкент қаласы аумағында орналасқан Еңбекші ауданында:  «Beer Gold» кафесінде «Несибе» кафесінде, Абай ауданында: «Наш Дворик», Әл-Фараби ауданында – «Пинта Прайд», «Минутка» кафелерінде азаматтар қылмысқа бой алдырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444