Этнос өкілдері арасында «Қандай көркем – туған өлкем» тақырыбында көркемсөз оқу сайысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы ОҚ Медициналық Академиясының Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында «Қандай көркем – туған өлкем» тақырыбында онлайн көркемсөз оқу сайысы өтті.

Сайысқа ОҚМА-да білім алып жатқан 18 студент қатысты. Кіріспе сөз ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е. Сәлімге берілді. Ербол Қалтұрсынұлы туған жер, Отан тақырыбының қай дәуірде болса да өзектілігін жоймайтыны, өскелең ұрпақтың, оның ішінде Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің елімізді қастерлейтіндігі қуантарлық жайт екенін айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа қатысушылардың өнеріне Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бас маманы А.Оспанова, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының маманы Б.Тасжанов және қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А. Абдуллабекова қазылық етті.

Сайыста ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңін оқыған Садуллаев Шкурулло бірінші орын алып, оқ бойы озық шықты. Екінші орын Хикматханова Динара, Абитова Нигораға, ал үшінші орындар Мамедов Адиль, Хан Богдан, Дурсунова Фидан, Мамедова Алейнаға бұйырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444