Тату елдің іргесі берік

Қазақстан халық Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат туралы білім-білігін арттыру мақсатында ҚР ІІМ Шымкент қаласы  мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында арнайы келді.
Алдымен «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен ғимараттағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысқан қонақтарға «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, қалалық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Бочоришвили және қалалық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев атқарылған жұмыстар мен негізгі мақсат-міндеттер туралы баяндады.
Берекелі бірлік пен ырысты ынтымақ жолын жалғап отырған құрылым өкілдеріне мамандандырылған күзет басқармасының басшысы Ж.Піртаев алғыс айтып, қазақстандық этностарды бір шаңырақ астына топтастырып, ел игілігіне ұйыстыру жолындағы жаңа жобаларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы ҚХА қала аумағындағы этнос өкілдері тұратын тұрғын алаптар мен шағынаудандарда және өзге де құрылым өкілдерімен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің заңнамалық тұғырын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды мақсатты жалғастыратын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444