Қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстары сараланды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. «Медиация – қоғамды келістірудегі басты күш» тақырыбында өткен жиында Аналар кеңесінің рөлі туралы сөз қозғалды.
Аналар кеңесінің қоғамдағы рөлі — қазіргі қоғамда әйелдердің алар орны ерекше. Бүгінгі күні аналар саясатты да, бизнесті де, үй шаруасын да қатар алып келеді. Аналар кеңесінің мақсаты – отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Отырысты Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Көмекбаева жүргізді.
Жиында «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, жаттықтырушы-медиатор Д.Кенжекулова, «Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының жоба жетекшісі Р.Худайшукурова баяндама жасады.
Сонымен қатар, кеңес мүшелерімен қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды нығайту жайы талқыланып, онда жастар тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды дамыту барысы сараланды.
Айта кетейік, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 2019 жылы құрылған. Бүгінде қалада 5 Аналар кеңесі (қалалық – 1, аудандық – 4) жұмыс істейді. Кеңес құрамы негізінен педагогтардан, дәрігерлерден, зейнеткерлерден, жеке кәсіпкерлерден және этномәдени бірлестік өкілдерінен жасақталған.