Оқу ордасы «жасыл» технологияны қолдайды
ЭСКАТО Біріккен ұлттар ұйымының департамент басшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бастаған оңтүстіккореялық делегация Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне де келді. Мұнда мәртебелі меймандар Түркістан облысындағы жетекші оқу орны ғалымдарымен бірге жасыл технологияларды дамыту мәселелері бойынша кеңесті. Білім ордасымен екіжақты келіссөздер жасасты. Рае Квон Чунг мырзаның қатысуымен өткен пленарлық мәжілісте Президенттің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі саяси шешімінің маңызды рөлі жан-жақты екшелді. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, жасыл жобаларды іске асыру барысында көптеген инновациялық өзгерістер орын алмақ. Автоматты жүйеге көшу жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жиында сөз алған университет басшысы Дария Қожамжарова шетелдік қонақтарды білім ордасының мүмкіндіктерімен таныстырды. Қазір оқу орнында жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Студенттермен бірге жасалған ғылыми жобалар халықаралық байқауларда жоғары бағасын алды. Алдағы уақытта Түркістан облысындағы №1 оқу орны өңіріміздегі индустриялды инновациялық даму бағдарламасына өкірте үлес қоспақ. Ол үшін студенттер заманауи біліммен қамтылған.
Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ