Индустриалды аймаққа қажетті маман даярлайды
Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжінде бітіруші кәсіптік маман иелеріне салтанатты түрде диплом тапсырды! Іс-шарада колледж директоры Альбина Балғабайқызы Елшиева құттықтау сөз сөйледі «Бүгін біз, тарихи кезеңде бас қосып отырмыз өйткені биылғы жыл Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы сонымен қатар Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанып, жаңадан Түркістан облысы құрылды. Осынау тарихи сәттермен, Менде сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Міне осы кезеңде сіздерде кәсіби маман атанып диплом алғалы отырсыздар! Осыдан үш жыл бұрын кәсіби мамандық таңдап біздің колледждің студенті атанып едіңіздер, міне араға үш жыл салып бүгінде осындағы ұстаздарыңызбен, өндірістік оқыту шеберлеріңіздің берген тәлім-тәрбиелерінің арқасында кәсіби маман атанып отырсыздар» — деген тілек білдірді. Бүгінде колледжді 10 мамандық бойынша 361 студент, соның ішінде 52 студент «Үздік дипломмен» бітірді. Аталмыш колледжді бітірген түлектер бүгінде Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарда жемісті еңбек етіп жүр. Сонымен қатар колледж бүгінде индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылып жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға нағыз қажетті мамандар даярлайды. Мұнда электрші, дәнеркерлеуші, құрылысшы, темір ұстасы мамандығына оқытады.