«Ұлттар күні» неміс этномәдени бірлестігі өкілдерінің кездесуімен жалғасты

Шымкент қаласы Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттар күні» іс-шарасы әрі қарай неміс этномәдени бірлестігі өкілдерінің кездесуімен жалғасты. «Возрождение» неміс этномәдени қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, жексенбілік мектебінің мұғалімі Валерьева Ирина Григореевна сөз сөйлеп, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады.

Бірлестік жанынан неміс тілін үйрені курсы ашылып, тіл меңгеремін деушілерге аянбай еңбек етіп, сабақ өткізіліп келеді. Сонымен қатар, неміс этносы үшінші мегаполисте болып жатқан қоғамдық мәдени оқиғалардан тыс қалған емес. Әрбір мереке даталы атаулы күндер барысында белсене қатысады. «Біз әрдайым Елбасына алғысымызды білдіреміз, Қазақстандай дархан, ұлы далада мекен ететін ұлттардың ұйытқысы бола білген тұлғаның еңбегі ерен» дейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444