Д.Щеткин: Барлық дін өкілдеріне, соның ішінде мұсылман халқына ерекше құрметпен қараймыз

Әрбір ұлттың өзіндік салт-дәстүрі, тілі, мәдениеті бар. Бүгін Шымкент қаласы Қоғамдық келісім сарайында еврей этномәдени бірлестігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онлайн кездесуде аталмыш бірлестіктің төрағасы Дмитрий Щеткин құттықтау сөз сөйлеп, бірлестіктің ардагері Дэвид Михайлович пен бірлестіктің белсенді мүшесі Аркадий Репкинді көпшілікке таныстырды. Бірлестік құрылғалы бері мұнда түрлі ізгілікке толы іс-шаралар өткізіліп келеді. Дмитрий Щеткин:

-Жалпы, еврей ұлтының мәдениетіне келетін болсақ, біз жер бетіндегі барлық дін өкілдеріне, соның ішінде мұсылман халқына ерекше құрметпен қараймыз.

Айта кетейік, күз мезгілінде еврей халқының ежелден келе жатқан суккот мерекесі тойланады. Көне күнтізде бойынша биыл бұл мереке қазан айының 2-9 жұлдызына тұспа-тұс келді. Бұл еврей жұрты үшін қуанышты күндер. Яғни, жеті күн бойы Жаратқанға алғыс айтып, мадақтайды. Ең бастысы, еврейлер адами құндылықты жоғары қояды.

-Біз Шымкентпен бірге өркендеп өсіп келеміз. Туғалы бері осындаміз, сондықтан Шымкентті бір бөлшегіміз десек болады. Еліміз көркейіп, гүлдене берсін! – деп ізгі тілегін жеткізді бірлестік төрағасы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444