Шымкенттік оқушылар мәнерлеп оқу халықаралық байқауында финалға шықты
Биыл шымкенттік оқушылар ресейлік «Live Classics» халықаралық байқауына қатысып, жүлдегер атанды. Жас оқырмандар арасындағы бұл байқау — прозадан үзінділерді дауыстап оқуға арналған жарыс. Ол жыл Ресейде өткізіледі.
Телекөпір арқылы өткізілген сайыстың бірінші кезеңіне 5-9 сынып оқушылары қатысып, қорытындысында Шымкент қаласындағы №30 орта мектеп оқушылары финалға шықты. Түрлі этнос өкілдерінен Дінмұхамед Батчаев, Азиза Мұстафа, Нұргүл Жамалхан, Назанин Айбекова, Назар Сахов, Любава Шалкова есімді оқушылар Пушкин, Гоголь, Чехов шығармаларынан үзінді оқыды.
«Мәнерлеп оқу сайысы телекөпір арқылы ашылды, оған басқа елдерден балалар қатысты», — дейді Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайы Достық мұражайының жетекшісі Балиха Сапарбаева. — Біздің шәкірттеріміз үшін байқауға қатысу өте қызықты болды, өйткені олар Ресей, Израиль, Германия, Қазақстан сайыскерлерімен сөйлесе алды. Ежелгі және жаңа Шымкент туралы, қаламыздың ТМД-ның мәдени астанасы болғандығы, биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толғандығы туралы баяндады».
-Байқаудың түпкі мақсаты – жас жеткіншектердің кітап оқуға деген құштарлығын ояту, — дейді Балиха Қорғанбайқызы. – Рас, кейінгі буын кітап оқуды бәсеңдетіп алды. Егер балалар кітапты сүйсініп оқитын болса, сауатты сөйлеу шеберлігі мен тіл байлығы артады, көзқарасын кеңейтеді»
Ал, №30 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Шестякова:
-Мені балалардың ішінен мәнерлеп оқуға ынтасы бар, байқауға қатысам деп алға суырылып шыққан оқушылар қуантты. Олар әлемдік классик жазушылардың шығармаларын оқып, тіпті финалға шыққаны біз үшін жетістік, — деді.
Балалар арасындағы марафон мұнымен біткен жоқ. Бұл байқаудан кейін балалар «Ескіні есіңе сақта» атты жобаға қатыса бастады.
«Біз бұл жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастыруды жөн көрдік», — деп атап өтті Б.Сапарбаева. — Тақырыптық іс-шаралар «Ескіні есте сақта» деп аталды. Жоба аясында біз балаларға қазақ халқының ежелгі ырымдары, салт-дәстүрлері туралы айтып береміз: мысалы, сүйінші дегеніміз не, қыздар күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды шаштарына не үшін таққан, сәукелені қалай киген? Осының барлығын балалардың біліп жүргені жөн». Іс-шараға «Шаттық» театрының, «Әжешки» ансамблінің әртістері қатысты. Балалар көптеген қызықты нәрселерді білді.