ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛУІ — БАСТЫ БАҚЫЛАУДА
Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Түркия және Польша мемлекеттерінен келіп жеткен гуманитарлық көмек облысқа қарасты аудан/қалаларға үлестіріліп жіберілді.
Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері келіп жеткен қораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауы бойынша нақты шаралар атқаруда.
«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, аталмыш медициналық қорғаныс құралдарын және дәрі-дәрмектерді облыстық «Қоғамдық денсаулықты сақтау» басқармасынан Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне толық тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді.