Грек этномәдени бірлестігінің салт-дәстүрі, тілі, мәдениеті күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қалалық Қоғамдық келісім ғимаратының залында Грек этномәдени бірлестігінің салт-дәстүрі, тілі, мәдениеті күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде бірлестік төрайымы Ольга Параскевопуло грек халқының тарихына, репрессия кезінде Қазақстанға қоныс тепкен грек халқының қиындықтары және қазақ халқы арасындағы достастық, сыйластық жайы қозғалды. «Біз Қазақстанның біртұтас халқы ретінде бір шаңырақ астында бірге дамып келеміз. Осы отыз жыл ішінде ауқымды шаралар мен тарихи оқиғаларды бастан кешірдік. Биылғы жылы да қарантин режиміне қарамай, қолдан келгенше іс шаралардың басында болуға тырысып жатырмыз. Мәселен, жалғызілікті зейнеткерлерге біздің бірлестіктің еріктілер тобы азық-түлік апарып беріп, үлкен жастағы кісілердің көңілін сұрап бардық. Аз қамтылған отбасыларға да қол ұшын созып келеміз. Биыл 1 мамыр және 9 мамыр мерекелерін онлайн өткіздік. Алдағы уақытта біз баршамыз күллі әлем күресіп жатқан пандемияны жеңіп шығып, күнделікті тұрмысымызға ораламыз деп нық сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді төрайым.