«Ынтымақ — бірлік бұлағы» атты мерекелік қойылым ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне сәйкес «Ынтымақ — бірлік бұлағы» атты мерекелік қойылым қойды. Қойылым әлеуметтік желі арқылы онлайн түрде оқырмандарға ұсынылды. Қойылым бірлік пен татулыққа негізделген. Жалпы, ертегілер әлемі ұлтқа бөлінбейді, мейлі қай елдің, қайсы ұлттың тілі болса да оның халық ертегілері бар, ертегілерде адалдық, еңбек, арман, махаббат, достық, жеңіс пен батылдық оқиға желісіне арқау болатыны белгілі. Қуыршақ театрының ұжымы қойған онлайн-ертегіден осыны ұқтық.  Бейбіт күнде бір тудың астына біріккен сан ұлттардың биі мен әні орындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444