ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Әл-Фараби ауданында көп қабатты тұрғын үйлер арасында ішкі орам жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Әлімбетов көшесі 45в, 45б, сондай-ақ «Спорт» шағын ауданында 14, 15 көп қабатты үйлер арасына асфальт төселді. Бұл – тұрғындар мен автокөлік қозғалысына оң септігін тигізіп отыр.

Осыған дейін аудандағы 6 аулаға 3 494 шаршы метр аумаққа асфальт жол төселген болатын.

Айта кетейік, аудан бойынша 404 көшенің жалпы ұзындығы 282 шақырым. Оның 215 шақырымы асфальт жабынымен қамтамасыз етілген, 55 шақырымы тас жол, қалған 12 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444