ШЫМКЕНТТІК ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ОНЛАЙН ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер арасында «Қазақ дастарханы» атты онлайн челлендж басталды. Челлендждің мақсаты — қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін насихаттау. Мәдени шараны Шымкент қаласының ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Турдиев Нижат бастап, қазақтың ұлттық тағамдарын пісірді. Мұнан соң онлайн челленджді әрі қарай еврей этномәдени бірлестігіне жолдады. Ол — қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларын аштықтан аман алып қалған қазақ дастарханына ерекше құрметпен қарайтынын айтты.