Түркістан облысының өнімі Еуропада
Жыл басынан бері Түркістан облысындағы кәсіпорындарының экспортқа шығарған өнімдерінің құны 700 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшылығы мәлімдеді. Осыған дейін Түркістан облысының өңірінен экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, бұл тізімді енді ортопедиялық құрал-жабдықтар, кілемдер мен жаңаша жасалған плиталар толықтыруда. Түркістан облысындағы индустриалды аймақтағы кәсіпорында шығарылатын бір ғана вакуумдық түтікшелер Еуропа елдерінде саудалануда. Сала мамандарының айтуынша, экспортқа өнім шығаруда мемлекеттік қолдау зор. Экспорттық өнімді арттыру мақсатындағы жұмыстар жыл сайын жандана бермек. Экспорттық өнімдердің сапасы да жоғары. Сұраныс жылдан жылға артып келеді. Бұрын тек импорт өнімді тұтынатын болсақ, енді экспортқа шығаратын болдық. Бұл да болса индустриалды инновациялық даму бағдарламасының қосқан үлесі зор. Жыл сайын түрлі өнім өндіретін кәсіпорындар ашылуда. Олардың нарықтағы үесі қандай, сұраныс бар ма оның бәрі де алдын ала маркетингтік зерттеу арқылы сарапталып отырады. Енді алдағы жылдары тек ішкі нарықты ғана қамтитын өнімдер емес экспортқа шығарылатын өнім өндіру басты мақсат болып отыр.