Түркістан: Өңірдегі блок-посттардағы мониторинг жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысы аумағында 18 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін әрбір ауданның және басқа облыстармен әкімшілік шекараларында эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын арнайы блок-посттар бар.

Осы посттарға «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Департамент жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері арнайы барып, сақтық шараларының сақталуына мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізді.

Мониторингтік жұмыстар нәтижесінде, полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, тәулік бойы арнайы құрылғылармен азаматтардың дене қызуларын өлшеу арқылы қатаң тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқаны байқалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444