Самат Мусабаев: «Облысымызда дзюдоның дамуына жоғары баға беремін»

Дзюдо Маңғыстау облысында қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің брі екендігі баршаға мәлім. Облыста осы спорт түрінің жетістіктері, проблемалары және болашағы туралы «Актау Спорт» журналына, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті, спорт меценаты Самат Мусабаев мырза айтып берді.

                — Самат Базарбайұлы жалпы облысымызда дзюдо қандай деңгейде дамуда, қандай жұмыстар жасалынды?

                — Маңғыстау облысында дзюдо федерациясы 2009 жылы құрылды, 2011 жылдан бері федерацияның президенті болып жұмыс істеудемін. Мақсатым өзіме атақ жинау емес, дзюдо күресін қалада, облыста және шалғай жатқан ауылдарында дамытып, деңгейін көтеру, жас спортшыларға жағдай жасап, қолдау көрсету. Осы жылы спортшыларымыздың жеткен жетістіктері туралы айта кететін болсам, облыс мақтанышы Сұңғат Жұбатқанның жетістігі бәрімізді бір қуантты, Бангокта өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып чемпион атанды, тамыз айында Астанада өткен әлем біріншілігінде ұлттық құрама сапында облысымыздың намысын командалық жарыста Айбек Имашев өнер көрсеткен болатын. Өсіп келе жатқан жас балуан қызымыз Кәмшат Қарайсқызы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегер атанды. Осы Кәмшат секілді өсіп келе жатқан жас спортшылардан үлкен үміт күтеміз. Жыл сайын қаламызда Қазақстан Республикасының үздік фермері әкем Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир өтіп тұрады. Төрт жыл бойы осы турнирді жастар арасында өткізіп келсек, өткен жылдан бері ересектер арасында өткізіп жатырмыз, алыс жақын шетелдерден мықты балуандар келіп бақтарын сынайды, чемпион болған спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі. Биылғы турнирге Жапония, Ресей, Грузия және тағы басқа мемлекеттерден мықты балуандар қатысты. Аталмыш турнирді федерация толықтай өз қаражатына өткізеді, осы орайда болашақта турнирімізге облыстық спорт басқармасы немесе басқа да үлкен мекемелер ат салысып көмек қолын беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

                — Өткен жылы Грецияда мастерлер арасында самбодан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Қанат Жұмабаев чемпион атанды, Қанаттың осы жетістігі туралы не айтасыз?

                — Грецияда өткен макстерлер арасындағы әлем чемпионатында мықты самбошылар өнер көрсеткен болатын. Қанат барлық қарсыластарын таза ұтып чемпион атанды. Қазақстан спорт тарихында Қанат Жұмабаев самбодан үш рет әлем чемпионатын бағындырған тұңғыш қазақ баласы, біз соны мақтан тұтамыз. Осы жетістігі үшін федерациямыздың президенті Самат Мұсабаев екеуміз ақылдаса отырып батырымызға жаңадан салынып жатқан уйден екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырдық. Жас өсіп келе жатқан спортшылар осы Қанатқа қарап үлгі тұтып болашақта үлкен спортшы болып жатса, біз үшін үлкен мәртебе болатыны сөзсіз.

                — Жергілікті спортшылардың шеберліктерін ұштап отырған жаттықтырушы кадрлар туралы не айтасыз?

                — Кезінде, кеңес дәуірінде бізді жаттықтырған бапкерлердің орнына олардан тәжірибе алған жас мамандар келіп жатыр. Қазіргі кезде спорт бір орында тұрған жоқ, және жаттықтырушылар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырулары, ізденулері керек. Біз жаттықтырушыларға қолымыздан келгенше жағдай жасап отырмыз, біліктіліктерін жетілдіру үшін оларды түрлі семинарларға жіберіп тұрамыз. Мықты жаттықтырушы болмаса, спортшының жақсы жетістікке жетуі екіталай. Биылдан бастап федерация ұсынысымен Маңғыстау облысының дзюдодан ересектер арасында жаңа бапкер Қоблан Дүйсекенов тағайындалды.

                — Жаңа өззіңіз айтып өттіңіз, өсіп келе жатқан болашағынан зор үміт күттіретін жас балуандарымыз бар деп. Осы балалардың көбі ауылдан шыққан шығар деп ойлаймыз, шалғай жатқан ауылдарда дзюдо күресін дамыту үшін федерация қандай жұмыстар атқарып жатыр?

                — Қай спорт түрі болмасын егер спортшылар резерві болмаса алысқа бара алмайтыны баршаға мәлім. Мысалы Қанат немес Айбек, Сұңғат, Олеся өмір бойы күреспейді уақыт келе олар спортпен қош айтысады, олардың орнын бастаын ізбасарлар дайындау жаттықтырушыларымыздың басты міндеті болуы тиіс. Әлемде дзюдомен 400 млн. Адам айналысады екен, Егер бұрын әлсіз елдердің дзюдошылары немесе мықты елдердің дзюдошылары деп бөліп келсек. Қазіргі таңда мықты немесе әлсіз дзюдошы деген ұғым жоқ, себебі бәрі мықты. Дзюдода бәсекелестік өте жоғары. Осы жылдың федерацияның басты жұмыстарының бірі ауылдарда дзюдо спортын кеңінен насихаттау және қолдау болды. Маңғыстау облысының барлық аудандары Ақтау және Жаңаөзен қалаларында дзюдо секциялары жұмыс жасап жатыр. Аталып өткен жерлердің спорт залдары татамимен қамтамасыз етілген. Спортшылардың жаттығуына да қолдан келген көмегімізді жасап жатырмыз. Атап айтатын болсақ, биыл спортшыларымызға кимоно мен витаминдер алып бердік, жарыстарда топ жарып жүрген спортшыларға ай сайын айлықтарын беріп отырмыз.

                — Осы игі істердің бәрі іскер және сенімді серіктестеріңіздің арқасында бітіп жатқан шығар?

                — Иә, әрине. Жасалынып жатқан жұмыстар бір адамның ісі емес ғой. Федерациямыздың вице-президенті Асылбек Жолдыбаевтың еңбегі орасын зор. Спорт залдарды қажетті спорт жабдықтармен қамтамасыз ету, спорттық шаралар өткізу, тағы басқа көптеген шаралар Асылбек Жолдыбаев пен федерацияныңдаму жөніндегі вице-президента Қанат Жұмабаевтың арқасында бітіп жатырған жұмыстар.

— Дзюдо күресін дамыту үшін мемлекеттің тарапынан не істелуі керек деп ойлайсыз?

                — Спортшыларды бала кезінен дайындау қажет. Аймақтарда дзюдоның дамуын қолға алу, ауылдық жерлерді спорт залдарды керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Барлық аудан орталықтарында балалардың жаттығуына жағдай жасасақ, дзюдоның даму қарқыны үдей түспек. Осындай қарқынмен жалғаса берсе, талантты балалар әрбір аулдан шығады. Мысалы 10 жыл бұрынғы Бразилиядағы бокс спортының дамуымен салыстырып көрейікші. Бразилиялықтар бұрын ешқашан да бокс өнерімен әлемді тамсандырған емес. Уақыт өте келе бокс залдары салынып, жас балдар бокспен айналыса бастады. Талантты балалардың саны артып, қоғам болып осы спорттың дамуына үлкен үлестерін қосты. Бразилияға алыс кетпей-ақ біздің облысымыздағы бокстың дамун қарайық, 2-3 жылда олар Олимпиада, Әлем, Азия чемпионаттарында чемпион, жүлдегер болған спортшылар дайындады, олардың осындай жетістікке жеткен себебтері ол, білікті бапкер Марат Джакиев және жыл сайын үлкен мұнай мекемелері тарапынан бөлініп жатқан спонсорлық қаражат, жақсы спортшы дайындау үшін әрине оған қаражат керек жарысқа, сборға, экипировкаға, айлық төлеуге. Шыны керек облыстық дзюдо федерация қазіргі күні екі адамның қаражатына дамып жатыр, ол өзімнің және вице-президентіміз Асылбек Жолдыбаев мырзаның. Дегенмен, әлі де қолмыздан келгенше облыста дзюдоның дамуына күшімізді аямай жұмыстанамыз, Жалпы шүкірміз ғой, жаппай спорттың түрлерін дамыту мемлекет тарапынан қолдауға ие бола бастады. Елбасшымызда елімізде спорттың дамуына үлкен жағдай жасауда. Бағыт-бағдарымыз дұрыс деп ойлаймын.

                — Ақтау қаласында дзюдо күресі бойынша арнайы спорт кешен біреу екен, жалпы федерацияның жоспарында бар ма осындай тағы бір зал салу?

                — Қазіргі таңда Олжа кешенінде арнайы мамандандырылған дзюдо залы жмысын жасап тұр 250 кв.м аланды алып жатқан залда спортшылардың жаттығуына барлық жағдай жасалған залы бар татамимен жабдықталған, шешінетін бөлме, душ, медициналық кабинет. Күндізгі бөлімде 50 бала, ал кешкі бөлімде 20 бала жаттығады, спортзалымыздың дзюдошалары жарыстарда орындар алып та үлгерді. Дзюдо күресіне арналған арнайы спорт кешеннің құрлысын бастап кеттік, бұйртса жаңа жылда жаңа спорт кешенде әлем, олимпиада чемпиондарын дайындаймыз, спорт кешен әлемдік дзюдо стандарттарына сай салынып жатыр ішінде шағын футбол алаңы, фитнесс зал, спортшылардың демалатын жатахансын болады.

                — Аға, әңгімеңізге рахмет, жұмысыңызға толайым табыстар тілейміз.

                — Рахмет

 

Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444