ШЫМКЕНТТЕ 285 МЫҢ ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды.
Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр.
Індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азамат көшеге шыққанда, қоғамдық көліктерге мінгенде және басқа да көпшілік орындарға барғанда міндетті түрде бетперде тағып, сақтық шараларын мұқият орындау тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті кәсіпорындармен бірлесе отырып медициналық бетперде өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Шымкент қаласының
төтенше жағдай штабы