АССАМБЛЕЯ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСТЫРЫЛУДА
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан қаланың түрлі этнос өкілдері көбірек шоғырланған орындарындағы тұрғындармен кездесулері жалғастырылуда. Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов бастаған I топ мүшелері өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.Хакимбеков, татар-башқұрт этно мәдени бірлестігінің төрайымы А.Мұхамедова шаһарға қарасты Жұлдыз, Қаратөбе тұрғын алаптарында болса, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов бастаған II топ мүшелері ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Д.Ескендіров, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Б.Байрам Қатынкөпір, К.Маркс елді мекендерінде кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында қатысушыларға мемлекеттік этносаясат мәселелері кеңінен түсіндіріліп, барша азаматтың қолданыстағы заңдылықтарды сақтауы қажеттігі жөнінде ескертілді. Сонымен қатар, барлық этностарға қазақ халқының маңына топтасудың маңыздылығы түсіндіріліп, оларға Ассамблея тарапынан қолға алынған «Қазақтану» жобасы жөнінде мол мағлұматтар берілді. Жалпы, өткізілген кездесулер тиісті дәрежеде ұйымдастырылды.