ТҮРКІСТАН: БАС ДӘРІГЕРЛЕР БАС ҚОСҚАН ЖИЫНДА ПАРА АЛУ МЕН ПАРА БЕРУДІҢ СОҢЫ ЖАЗА ЕКЕНІ ЕСКЕРТІЛДІ

Бүгін Департаменттің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйымдастырған өңірдегі бас дәрігерлер қатысқан түсіндіру шарасына қатысты.

Іс шараның негізгі мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Оқыту семинарында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444