ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің жарлығымен Шымкент қаласы әкімі болып Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды.

М.Әйтенов 1981 жылы туған. Білімі жоғары, «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жж – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;

2008-2010 жж – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;

2010-2012 жж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 жж – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;
2013-2016 жж — ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы;

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444