ІШКІ САЯСАТТЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ішкі саясаттың мәселелері жөніндегі республикалық семинар кеңесі өтті деп хабарлайды Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының баспасөз қызметі.
Кеңеске қатысушылар еліміздегі ішкі саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесін қарады.
Семинарға Шымкент қаласынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай және Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева қатысты.