ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТАҒЫ БАРЛЫҚ ЖОО МЕН БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК 31 КОЛЛЕДЖДЕ«ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ» ЖӘНЕ «ІЗГІЛІК ЕЛШІЛЕРІ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қоғамның негізгі қозғаушы күші — бүгінгі жас буын.  Өскелең жастардың өмірлерін өнегелі жолға бағыттап, оларды игілікті істерге дәріптеу — мәңгілік ел болуға ұмтылған еңселі еліміз үшін айрықша маңызға ие.

Осыған орай,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шеңберінде облыстағы барлық білім беру ұйымдарында ел жастарын адамгершіліктің биік үлгісіне бастайтын «Парасаттылық мектептері» ашылды.

Жастарды жақсылыққа жетелейтін мектептің басты мақсаты – жас буын арасында туралық пен тазалықтың жарқын үлгісін қалыптастыру,  қоғам дертінің деңгейін төмендету және жас ұрпақты жанашырлық пен әділдікке тәрбиелеу.

Мемлекеттік оқу орындарынан ашылған жалпы саны 30-ға жуық «Парасаттылық мектептері» толық техникамен жабдықталған кеңсемен қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні арнайы бекітілген мамандар  жүйелі жұмыс істеуде.

Келер күннің кемел болуы – саналы ұрпақтың сауатты болуына, әрі бәсекеге қабілетті белсенді болуына тікелей байланысты. Ал білім ордасындағы «Парасаттылық мектебі» – бұл жастарды жалқаулықтан  жасампаздыққа үндейтін адал атмосфераның ортасы болғандықтан, ең алдымен аталмыш мектеп ерікті жастардың өмір жолын ізгілікті істермен сабақтастырады.

Аталған мектептің қатысушылары әлемдік індетке айналған жемқорлық ұғымдары туралы теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында пайдаланып, өз қатарластары арасында парасаттылық пен адалдықтың тамыр жаюына өзіндік үлестерін қосатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444