Партия белсенділерін марапаттады
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында марапаттау рәсімі өтті.
Партия филиалының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов партия белсенділерін еліміздің ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады. Б.Нарымбетов құттықтау сөзінде еліміздің еңсесін көтеріп, іргесін бекіте түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегіне тоқталды.
Сондай-ақ, партия бағдарламаларын орындауда белсенділік танытып, ел игілігі жолындағы бастамаларды іске асыруда еселі еңбек еткен бірқатар азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар белсенді қызметі үшін төсбелгісімен Бұхарбай Парманов наградталды.