ШЫМКЕНТ: «ПАРАСАТТЫЛЫҚ АЛАҢЫ -2019» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
«Асыл – тастан, ақыл жастан» демекші, тың идеялар, жақсы өзгерістер, оң бастамалар жастардан басталады.
Осы орайда, бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде жас ақындар арасында «Парасаттылық алаңы — 2019 (Әділдік, парасаттылық, сенім)» мүшәйрасы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ, парасаттылық, адалдық сияқты құндылықтарды насихаттау арқылы ақындар өскелең ұрпақ бойында патриоттықты, адамгершілікті қалыптастыруға ерекше үлес қосады.
Іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті.
Мүшәйра қорытындысымен жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.