«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында апталық жарияланды
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, жазба əдебиеті мен қазақ əдеби тілінің негізін салушы реформатор Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай мектепішілік жоспарға сəйкес «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» тақырыбында апталық жарияланған. Апталық барысында ақынның шығармалар желісі бойынша суреттер , «Абай-ұлт биігі» кітап көрмелері, «Абай деп соққан жүректер» атты əдеби кеш жəне тəрбие сағаттары ұйымдастырылды. Абай шығармашылығын дəріптеу мақсатындағы эстафетаны мектебіміздің басшысы Ұлжалғас Əшімқызы бастауыш сынып оқушысы Бердалиева Мерейден қабыл алып, мектеп түлегі, Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының студенті Есенов Ерасылға жолдады.