10 желтоқсан адам құқықтары күніне орай дөңгелек үстел өтті

10 желтоқсан адам құқықтары күніне орай Шымкент қаласындағы Пушкин атындағы кітапханада «Глобус» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы жоғары құндылық болып табылады. Осы тақырып аясында тұрақты оқырмандарымыз: ТОО «Хилти Казахстан» компаниясының инженерлер тобының жетекшісі Ринат Сафин, «Shymkent Adaldyq Alany»- nyn жоба жөніндегі офисінің жетекшісі Төлебаев Ерасыл және ОҚМПУ-нің студенті Жарылқасын Малика аталмыш тақырып аясында презентация дайындап, қонақтарымыз бен оқырмандарымыз арасында қызу талқыға салды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444