Үй жағдайында білім алатын балаларды құттықтау акциясы өтті

Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» — деген екен данышпан халқымыз. Бала тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету, адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келетiнiн тусiндiру мақсатында №52 мектеп-лицейінде «Досыңа хат жаз!» тақырыбында үй жағдайында білім алушы балаларды құттықтау акциясы өтті. Денсаулығына байланысты үй жағдайында білім алатын балаларды оң-солын танып, білім алуы үшін мектеп мұғалімдері өз мүмкіншілігіне орай оқытуда. Алайда, оқыту қиын, бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген ұстаздар, сынып жетекшілері мен оқушылары теңізге құйған тамшыдай болса да жақсылық жасауға өз үлестерін қосты. Үйде оқытылатын оқушылар сыныптастарын көріп, жазған хаттарын оқып-тыңдап, сыйлықтарын алып, қуаныштан өздері де достарына ыстық ықыластарын білдірді. Оқушы сыныпта өз орны бар екендігін сезініп, көңіліне сенім, өмірге деген құштарлығы арта түсті. Осы акцияға ат салысқан барлық қатысушы риза көңілмен айналасына қуаныш сыйлады. «Мейірім етсең-мейірімді көресің»- баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу №52 мектеп-лицей мұғалімдерінің басты мақсаты болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444