ШЫМКЕНТ: ЦИТАДЕЛЬДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ САПАСЫ ЕРЛАН АЙТАХАНОВТЫҢ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Келер жылы Шымкент ТМД елдерінің #мәдени астанасы атанбақ. Қазір қалада қызу дайындық.

Шымшаһардағы «Ескі қалашық» атымен танымал орталық бүгінде қызу құрылыс алаңына айналған. 5 гектардай жерді алып жатқан #Цитадельде   жұмыстар қарқын алған.

Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov апта сайын Цитадельді аралап, құрылысты өзі қатаң қадағалауда, яғни ондағы жұмыс сапасы басты назарда.

Цитадельде қазір #құрылысшылар саны 120 болса, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар саны 100-ге жуық.

Еске сала кетсек, ғасырлар тоғысқан Цитадель қаланың негізгі #туристік  нысандарының бірі болмақ. Онда 500 орындық амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың #көркіне айналады. Жоспар бойынша Ескі қала бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444