ШЫМКЕНТ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараны қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Бағдагүл Байтешова ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда көздеген іс-шараға қалалық этномәдени бірлестіктердің жанындағы жастар қанаттары мен оқу орындарындағы «Достық клубтарының» мүшелері қатысты. Командалар қол күресі, шахмат, үстел теннисі, ләңгі тебу, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.
Сайыс нәтижесінде бас жүлдені қалалық славян этномәдени бірлестігінің «Барыс» тобы жеңіп алса, І орынға өзбек этномәдени бірлестігінің «Достық» тобы ие болды. Ал, ІІ орын шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, ІІІ орын ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444