Арабтар баламалы энергия көздерін дамытуға қыруар қаржы салуға дайын
Сауд Арабиясы Корольдігі электр энергия өндірісін дамыту үшін 30 жоба дайындап отыр. Сондай-ақ олар теңіздегі су ағынынан қуат өндіруді де қолға алған. Арабтар баламалы энергия көздерін дамытуға қыруар қаржы салуға дайын. Мәселен 2023 жылы салаға 50 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр екен. Сауд Арабиясы қойнауы қара алтынға бай ел. Мұнай экспорттап отырған алпауыт елдердің көшін бастайды. Соған қарамастан баламалы энергия көздерін дамытуға ниетті. Арабтардың Астанадағы халықаралық көрмеге қатысуының себебі де осында. Хашім Ямани, Абдолла Королі атындағы ғылыми қалашықтың президенті: – Сауд Арабиясы даму, өркендеу мақсатында өз мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдаланатын болады. 2023 жылға қарай баламалы энергия көздерін арттыруды көздеп отырмыз. ЕХРО энергетика саласындағы ең маңызды шаралардың бірі әрі бірегейі. Маңызды шараны өткізіп отырған Қазақстанға алғысымды білдіргім келеді. Сауд Арабиясының павильоны бірнеше бөлімнен тұрады. Көрме қонақтарына бай мәдениеті мен тарихын паш етпек. Павильондағы үлкен экрандар арқылы Сауд Арабиясы туралы деректі фильмді тамашалауға болады. Келесі залда озық технологиялармен таныса аласыз. Санжар Асылбекұлы, нұсқаушы: – Бұл құрылғы Кореямен бірлесе жасалған. Ол энергия өндіріп қана қоймайды. Күніне 40 мың тонна суды тұщытуға қауқарлы. Көріп тұрғандарыңыздай, көлемі кішкентай. Сауд Арабиясы баламалы энергия көздерінің барлық түрін пайдаланып отыр. Соңғы уақытта теңіздегі су ағынынан энергия өндіруді де қолға алған. Болашақта арабтар шикізатқа тәуелді болудан түбегейлі арылмақ. Осы мақсатта баламалы энергия көздерін дамытуға қыруар қаржы салуға дайын. Мәселен 2023 жылы салаға 50 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Сауд Арабия мұнай қорымен әлемдегі бай елдердің қатарынан. 2009 жылы мұнай өндіріп экспорттаудан Ресейден кейінгі екінші орныды иемденді. Мұнайды экспорттау 95% құрайды, оның ішінде 75% мемлекетке кіріс, мемлекет кірісті халыққа теңдей бөліп беріп отырады. Сауд Арабиясы Араб түбегінде орналасқан ең үлкен мемлекет. Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі түбек (ауданы 3 млн. км²). Ол Жерорта, Қызыл, Араб теңіздерімен қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты, Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңтүстік шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл теңіз, Баб-әл-Мандеб бұғазы. Аден шығанағы арқылы Араб теңізінің батыс жағалауымен жалғасады. Араб түбегіне түгелімен Сауд Арабиясы, Йордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливия, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия мен Ирақтың бір бөлігі енеді.