ТҮРКІСТАНДЫҚТАР КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ АРҚЫЛЫ ҚОҒАМ ІНДЕТІМЕН КҮРЕСІП ЖҮРГЕН ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен қоғам індетіне қарсы көркем шығармалар жанрында қалам тербеп жүрген қазақ жазушысы —  Жан Ақжановпен рухани кездесу өтті.

Келелі жиынның негізгі мақсаты – өскелең жастың парасаттылық мәдениеті мен  моральдық-этикалық нормаларын қалыптастыру және  қоғам арасында адалдық пен тазалықтықты, әділдік пен әдептіліктіәдебиет тілімен дәріптеу.

Жалпы саны 500-ге жуық адамды қамтыған шараға Департаменттің жеке құрамы мен кітапхана қызметкерлері, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студент-жастары мен оқытушы-ұстаздары және медицина саласының қызметкерлері мен осы салада білім алып жүрген студенттер қатысты.

Қоғамдағы кері кеткен құбылыстарды көркем тілмен кестелеп, шығармалары арқылы оқырманның ой-санасын рухани қазынамен байытатын Ж.Ақжанов «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», сондай-ақ «Степь и судьба», «Аспаннан құлаған тастар»сынды  айтулы еңбектерінің мән-мазмұнымен таныстырып, жиынға қатысушыларға адал болмысты қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу соңында шабытты шығармаларымен жемқорлықтың жолын кесуді межелі мақсат етіп, қоғамдық дертке көркем әдебиет арқылы төтеп беруге ұмтылған қазақ жазушысы қатысушыларға  бірқатар еңбегін табыс етіп,  өз қолтаңбасын қалдырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444