ШЫМКЕНТ: ЭКСПЕДИЦИЯ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының бастамасымен «Шымкент – Мәдени астана» деп аталатын экспедиция қала аумағындағы киелі орындар мен тарихи, сәулет ескерткіштерге экспедиция ұйымдастырылды.
2020 жыл – Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени астанасы болады. Аталған экспедиция –келер жылы қалаға келетін қонақтардың назарына қандай тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерді және көрікті жерлерді тамашалауға ұсыну мүмкіндіктеріне сараптама жасауды мақсат еткен.
Экспедиция құрамында тарихшылар, музей қызметкерлері, журналистер, өлкетанушылар бар. Олар Шымкент қаласының тарихын, мәдени орындарын насихаттаумен бірге, туристік маршруттар мен келушілер назарына ұсынылатын гидтік ақпараттарды бір жүйелі етуді көздейді
Сапардың бағыты нысандардың географиялық орналасуына қарай тарауларға бөлініп, тақырыптық «Көне Сайрам» және «Шырайлы Шымқала» бөлімдерден құралған, жалпы 11 нысанды қамтыды.
Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы
Фото Азат Дидарбек