«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы шымкенттік оқырмандармен жүздесті

Бүгін Шымкент қалалық «Отырар» кітапханасында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдығына орай редакция мүшелерінің қатысуымен Шымкенттік оқырмандарымен кездесу өтті.

Басқосудың негізігі мақсаты – ел тарихында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің алатын орны мен оның маңызын оқырмандар мен жас ұрпаққа жеткізу.

«Egemen Qazaqstan»республикалық газеті 1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда «Егеменді Қазақстан» болып өзгертілді. Бұл кезеңде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді «Егеменді» — жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз еді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы «-ді» жұрнағы алынып, «Егемен Қазақстан» болып өзгергенін бірі білсе, енді бірі білмейді.
«Егемен Қазақстан» газетінің іргетасы 1919 жылы 17 желтоқсанында қаланып, Орынборда алғашқы саны «Ұшқын» газеті болып жарық көрген.
1937 жылы «Социалистік Қазақстан» болып өзгерілді де, осы атпен бұл басылым 54 жыл жарық көрді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444