Біржан Нұрымбетов Шымкенттегі шұлық жасау фабрикасының жұмысымен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС-ның шұлық жасау фабрикасының жұмысымен танысты. Жобалық құны 2 млрд.тг. болатын өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Екінші кезеңі 2017 жылы жүзеге асқан. Қазір онда 400-ге тарта адам еңбек етеді. Өндірілген өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа жөнелтілсе, 30% — ы экспортталады. Құрал жабдықтардың барлығы Оңтүстік Кореяданжеткізілген. Министр мамандарды даярлау үшін оларды шетелге оқытуға жіберудің қажеттілігі жоқ екенін айтып, тиісті жұмыстарды осындай өндіріс орындарында жүргізуге мүмкіндіктің мол екенін тілге тиек етті. Ол үшін тиісті мекемелер мен заман талабына сай өнім өндіріп жатқан өндіріс орындары бірлесіп жұмысты жандандыру қажеттіліне тоқталды.

Дәурен Дүйсебаев,
Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444