ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді.

Атап айтқанда, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірқатары жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті дамыту жөніндегі сауалдарын қойды.

Азаматтардың өтініштері мен сауалдарына жауап берген шаһар басшысы баспаналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңға сәйкес тек өз кезегімен берілетінін айтты.

Қоғамдық қабылдау барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың уәждері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444