Салауатты өмір салтын ұстанайық!
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жұмысты таңғы жаттығудан бастады. Таңғы жаттығудың біркелкі өтуіне басқарманың отызға жуық қызметкерлері атсалысты.
Жұмыс орнындағы таңғы жаттығуды денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық денсаулықы сақтау институты бірігіп өткізді. Дене белсенділігін арттыруға арналған жаттығуға басқарманың барша қызметкерлері қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындығын көрсетті.
«Бірқатар зерттеулердің барысында таңертеңгі аш қарынға жасаған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігін арттыратыны анықталды. Сондай-ақ артық салмақтан арылу үшін де таңғы жаттығу тиімді»- дейді мамандар.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы білім басқармасының және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен 15 минуттық таңғы гимнастикаға қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер аталған акция үшін алғыстарын білдіріп, осындай акцияларды тұрақты түрде өткізуге тілек білдірді