Қытай мен Литва ЭКСПО көрмесіне павильондарын рәсімдей бастады

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қытай Халық Республикасының ұлттық павильонының комиссары Ван Цзиньчжэньмен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде кездесті. Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмеге дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен Қытай Халық Республикасынан келген делегацияға таныстырып кетті. Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Қытайдың баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесіне назар аударып жүргендігіне ерекше тоқталды. Қытай ұлттық павильоны ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ең үлкен павильондарының бірінде орналасатын болады. Сонымен қатар Қытай павильоны мейлінше қызықты павильондарының біріне айналатындығына еш күмән жоқ. Қазіргі таңда екі жақ ұйымдастыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуде. Қытайлықтардың сұранысы бойынша ЭКСПО қалашығында Қытай ұлттық павильон қызметкерлеріне 50 апартамент бөлінген. «Көптеген қытайлық энергетикалық компаниялар көрмеге қатысуға үлкен қызығушылық білдіруде. Тіпті олардың кейбірі ұсыным беріп те қойды. Бүгінгі таңда құзыретті министрлік өкілдерінің қатарынан Қытай павильонының контентін жасау бойынша арнайы комиссия құрдық. Павильон жобасы дайын. Жақын арада іске кірісуге дайынбыз» — деді өз сөзінде Қытай Халық Республикасының ұлттық павильонын комиссары Ван Цзиньчжэнь.

Қытай павильонының комиссарының сөзінше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай мемлекетінің ұлттық күнін жобамен 5-6 шілдеде өткізіледі. Одан өзге, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Литва делегациясымен кездесті. Кездесу барысында литвалықтар виза мәселесі бойынша қолдау көрсетуді сұрады. Өйткені Литвадан көрмеге көптеген келушілер болады деп күтілуде. Ұлттық компанияның Басқарма басшысы барынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.  «Бүгін біздің көріп отырғанымыз, яғни атқарылып жатқан жұмыс сапасы, жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылық мәселелер көңіл қуантады. Өз кезегімізде көрме барысында абыройлы болу үшін біздің ұлттық павильонның ішкі мазмұны бойынша белсенді жұмыс жасап жатырмыз», — деді Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының елшісі Др.Витаутас Наудужас. Литва павильоны мейлінше мазмұнды болатын сыңды. Себебі Литва баламалы энергия көздерін пайдаланудағы үлесін 60%-ға жеткізу бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444