ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің  бастамасымен  Төлеби ауданына қарасты жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  мақсатты жиын өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты —  қоғам кеселіне қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу.

Жиын барысында Департаменттің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Шәкір Шағырбайұлы басқармамен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталып,  мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған қылмыстарды атап өтті.

Сондай-ақ,   адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарының мемлекет алдындағы маңыздылығын атап көрсетіп, қоғам дертімен қарқынды күрес жүргізуде  азаматтық белсенділіктің қауқары жоғары болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

Жиында пара алумен қатар, пара беруде  ҚР Қылмыстық кодексі бойынша ауыр қылмыс болып табылатыны атап өтіліп, жемқорлық көріністерінің туындауына ықпал ететін себептерден алшақ болу қажеттігі түсіндірілді.

Өз кезегінде   Ш.Тәліпов бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруға және адал аттарына кір келтірмеуге шақырып  еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Шара соңында жиынға қатысушылар көкейде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444