ШЫМКЕНТТЕ «МАМАННАН КЕҢЕС» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін Шымкентте «Маманнан кеңес» акциясы жалғасын тапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға түрлі салалардағы мамандар, атап айтқанда, прокуратура, әділет, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік кірістер, полиция, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлер палатасы, сот орындаушылар, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  өкілдері мен кәсіби адвокаттар қала тұрғындарына кеңес берді.

Аталған шара бұл жолы Еңбекші ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті.

Басты мақсат — білікті заң көмегін көрсету және халықтың мәселелерін дер кезінде шешу болып табылады.

Акция барысында тұрғындар жер, жылжымайтын мүлікті құжаттандыру, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік және тағы да басқа мәселелелер бойынша жүгініп, мамандардан кеңес алуға келгендер арасында көтерген сұрақтары бойынша сол кезде шешімін тапқандар көп болды. Акция барысында 150-ден астам азаматтарға кеңес берілді.

Айта кетейік, аталған Акция бұған дейін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен қалалық Жұмыспен қамту орталығының алаңында ұйымдастырылып, 300-ге жуық  азаматтарға кеңес берілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444